Қарағандыда жасөспірімді тонаған күдікті ұсталды
Қарағандыда жасөспірімді тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің дәлізінде тонау болды деген ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлерімен белгісіз біреудің 16 жастағы жасөспірімге қатысты ашық тонау жасағаны анықталды. Күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алған. Кейін мобильдік қосымшаны пайдаланып, өзінің есепшотына жәбірленушінің 13 мың теңге ақшасын аударып алған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.