Қарағандыда жасөспірімнің телефонын тартып алған күдікті анықталды
Қарағандыда жасөспірімнің телефонын тартып алған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 37 жастағы азаматша арызбен шағымданып, белгісіз біреу оның 16 жастағы баласынан құны 60 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алғаны туралы арызданды.
1 ақпан күні қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес (Тонау) қылмыстық іс қозғалды.