Қарағандыда жеке үйлерге ұрлыққа түскен ер адам анықталды
Қарағандыда жеке үйлерге ұрлыққа түскен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел жұмыста болған кезде белгісіз біреу құлыпты бұзып, үйіне кіріп, мүлкін ұрлап кеткенін айтты. Ұры екі аккумуляторды, күрте мен құралдар жиынтығын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
18 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, 47 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы барын анықтады.