Қарағандыда жол жүру ережесін өрескел бұзған жүк көлігінің иесі жауапкершілікке тартылды
Қарағандыда жол жүру ережесін өрескел бұзған жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4-ші мауысым күні сағат 20.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына қаладағы жер үйлердің бірінің маңында тұрған жүк көліктеріне жүруге болмайтын белгіні елемей, аулаға кірген автокөліктің бейнежазбасы жазылған. Сондай-ақ жүргізуші көліктегі жүктің шамадан тыс болуына байланысты жолды бүлдірген.
Полиция қызметкерлерімен көліктің 33 жастағы жүргізушісі анықталды. Ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің белгіні елемеу, жолды бұзу және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүк көлігі айыптұраққа қойылды.