Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ЖШС-нің басшылығы тонау фактісін ашу мен тергеуде кәсібилік көрсеткен полицейлерге алғыс білдірді

Қарағандыда сауда компаниясының басшылығы тонау фактісін ашу мен тергеуде кәсібилік көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының ПД басшысына «Алмас-2000» ЖШС директоры В.Миговичтің атынан алғыс хат келіп түсті.

– «Алмас-2000» ЖШС басшылығы атынан 2020 жылдың 26 маусымында инкассаторларға шабуыл жасап, кәсіпорынға елеулі залал келтірген қылмыскерлерді ұстау бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша, Қарағанды облысының Полиция департаменті қызметкерлерін және Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлеріне зор ризашылықпен алғыс айтқым келеді. Полицейлер көрсеткен қызметтің кәсібилігі, жеделдігі мен адал атқарылуы қылмыскерлерді құрықтап, ұрланған заттардың бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік берді. Сауатты және уақтылы іс жүргізу әрекеттері қылмыскерлердің кінәсін дәлелдейтін дәлелдемелерді жинауға және бекітуге мүмкіндік берген тергеуші Бауыржан Түскеевті бөлек атап өткім келеді. Полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындауы әділ үкім шығаруға және демократиялық мемлекеттің негізгі қағидаты – жазаның бұлтартпастығының жүзеге асуына септігін тигізді, – деп жазды сауда компаниясының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 26 маусымында төрт қылмыскер алдын ала сөз байласып, қару қолданамын деп қорқытып, күзет ұйымының қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар «Алмас-2000» ЖШС-не тиесілі 70 млн. теңгені ұрлап, сол арқылы қомақты материалдық шығын келтірген. Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірнеше күн ішінде полицейлер күдіктілердің барлығын анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында олар кінәларын мойындады.

2021 жылдың 22 қаңтарында қылмыстық іс қарау үшін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберіліп, 2021 жылдың 11 қарашасында ол үкім шығарды, оған сәйкес қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру