Қарағандыда жүк көлігінен аккумулятор мен ұялы телефондарды ұрлағандар ұсталды
Қарағандыда жүк көлігінен аккумулятор мен ұялы телефондарды ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қарашада Қарағанды қаласының Киров ПБ-не 49 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жеке тұрғын үйдің ауласынан белгісіз біреу жүк көлігінен құны 119 мың теңге тұратын аккумуляторды ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері 6 желтоқсанда күдікті – 45 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың аккумулятор мен ұялы телефондарды ұрлаудың төрт фактісіне қатысы барын анықтады. Қазіргі уақытта келтірілген шығынның жалпы көлемі анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.