Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жұмысшы көлік жуу орталығына ұрлыққа түсті

Қарағандыда жұмысшы көлік жуу орталығына ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 64 жастағы жеке кәсіпкерден арыз түсті. Кәсіпкер қала орталығындағы өзіне тиесілі автожуу орынынан белгісіз біреу кассадағы 510 мың теңге ақшамен көлік жууда қолданатын құралдарын ұрлап кеткені туралы шағымданған. Оған келтірілген шығын көлемі 706 мың теңгені құраған.

Жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен осы мекемеде ақша тауып жүрген 41 жастағы азаматты ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру