Қарағандыда жүргізуші куәлігін рәсімдеуге уәде берген екі алаяқ ұсталды
Қарағандыда жүргізуші куәлігін рәсімдеуге уәде берген екі алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол белгісіз адам алдау арқылы 40 мың теңгені иемденгенін хабарлады.
Жәбірленуші жүргізуші куәлігін қысқа мерзімде рәсімдеуге тырысқан. Ол белгісіз азаматпен танысып, ол қажетті құжатты алуға көмек көрсетуге уәде берген. Бірақ көрсеткен көмегі үшін 40 мың теңге талап еткен. Арызданушы қажетті соманы берген. Келесі күні ол алаяқтықпен айналысатындығын түсініп, полицияға жүгінді.
Криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы ер азаматты күдікті ретінде танып, ұстады, ол кінәсін мойындады.
Бірнеше сағаттан кейін осы полиция бөліміне 43 жастағы әйел адам арызымен жүгінді. Ол да басқа алаяқтың әрекеті бойынша, жәбірленуші жүргізуші куәлігін алу үшін алдын ала 108 мың теңге төлеп, алданып қалғандығын түсіндірді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 26 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Ол кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша барлық фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.