Қарағандыда жүргізуші куәлігін жасап беруді уәде еткен алаяқ ұсталды
Қарағандыда жүргізуші куәлігін жасап беруді уәде еткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Азамат өзіне жүргізуші куәлігін жасап алмақшы болған. Тапсырған құжаттарын тездетіп өткізу мақсатында жәбірленуші өзге біреуге 85 мың теңге ақша берген. Алайда ақша алған бейтаныс жәбірленушімен байланысын үзіп, хабарсыз кеткен. Өзінің алаяқтың құрбаны болғанын түсінген 35 жастағы азамат полицияға жүгінген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
15 наурыз күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барсында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.