Қарағандыдағы бизнес-орталығында болған жанжал пышақ жарақатымен аяқталды
Қарағандыдағы бизнес-орталығында болған жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қаңтар күні сағат 11.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы бизнес-орталықтарының бірінде жанжал шықты деген хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлерімен бетінде медициналық маскасы бар белгісіз азамат Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің 55 жастағы директорын қағып кетіп, екеу ара жанжал шыққан. Жанжал барысында күдікті 55 жастағы азаматқа қалтасындағы пышақты алып, дене жарақатын келтірген. Жәбірленуші алған дене жарақатымен ауруханаға түскен.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен «ізін суытпай» 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.