Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыдағы мекемелердің бірінен құбырлар ұрланды

Теміртаулық полиция қызметкерлері ұрланған темір артылған жүк көлігін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет өткеру барысында қала ішінде жүк артылған көлікті байқаған. Көлікті тексеру мақсатында тоқтатқан жол сақшылары 56 жастағы жүргізушіні анықтады. Көлікте металл құбырлары болған. Алайда, жүргізушіде оны заңды түрде алып жүруге болатындығы туралы құжаттары болмаған. Тексеріс жүргізу барысында аталған металл құбырларының қаладағы мекемелердің бірінен ұрланғаны белгілі болды. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру