Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыдағы оқу орнынан ноутбук ұрлаған ұры қолға түсті

Қарағандыдағы оқу орнынан ноутбук ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда Қарағанды ​​қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне білім беру мекемелерінің бірінде белгісіз біреу сыныптан ноутбукты ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері күдікті – 24 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру