Қарағандыға қонаққа келген ер адамды тонап кетті
Қарағандыға қонаққа келген ер адамды тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде тонау болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы 44 жастағы жәбірленушіні өзінің танысының үйінде бейтаныс адамдар тонап кеткенін анықтады. Қонаққа келген жәбірленуші белгілі бір азаматпен жанжалдасқан. Жанжал кезінде ер адам күш қолданып, жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын, зергерлік бұйымдары мен ақшасын алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 132 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті – 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Айғақты заттар алынды.ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.