Қарағандылық әйел пәтер ұрлығын ашқан полицейлерге алғысын білдірді
Қарағандылық әйел пәтер ұрлығын ашқан полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 тамызда қала тұрғыны Марина Якуби Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне арызбен жүгінген. Жәбірленуші әйел белгісіз біреудің пәтерден ұялы телефон мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген залал көлемі 163 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдікті 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Полиция жәбірленушіден ұрланған барлық заттарды тәркіледі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жуырда Қарағанды облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин Марина Якубиден хат алды.
– Мен Қарағанды ПБ Орталық ПБ-нің тергеу бөлімшесінің тергеушісі Арғын Тұрсынға ризашылығымды білдіргім келеді. Оның жетекшілігімен жедел-тергеу тобы менің пәтерімнен ұрланған алтын бұйымдар мен ұялы телефонды өте тез тапты. Маған бәрі аман-есен қайтарылды, қылмыскер жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсіби шеберлігі үшін рахмет, – деп жазды қала тұрғыны.