Қарағандылық алаяқ әйелдің 4500 АҚШ долларын алдап иеленген
Қарағанды облысының тұрғынын алдап, 4500 АҚШ долларын иемденген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусымы күні Теміртау қаласының 61 жастағы тұрғыны Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгінген. Әйел адам, өткен жылдың шілдесінде оған заңгерлік көмек көрсететінін айтып, алдау жолымен 4500 АҚШ долларын иемденіп кеткен қаскөй туралы хабарланған.
Келтірілген залал шығыны екі миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Оның бұрын алаяқтық жасағаны және жалған құжаттарды жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.