Қарағандылық бұзақы біреудің көлігінің терезесін сындырған
Қарағандылық бұзақы жолда туындаған келіспеушіліктер салдарынан біреудің көлігінің терезесін сындырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қаңтарда Қарағанды облысының Теміртау қаласы ПБ Ескі қалалық полиция бөліміне Ақтау ауылының 24 жастағы тұрғынынан арыз түскен.
Ер адам көшелердің бірінде көлігімен жүріп келе жатқанда оған белгісіз «ВАЗ 2107» маркалы автокөлік соға жаздап тоқтаған.
Көліктен шыққан «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жәбірленушінің көлігінің артқы терезесін сындырып, оқиға орнынан кетіп қалған. Келтірілген шығын мөлшері 25 мың теңгені құрайды.
Қазіргі таңда криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 19 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.