Қарағандылық полицейлер аз қамтылған отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс ПБ аумағына 13 қыркүйек – Отбасы күні қарсанында, есепте тұрған қолайсыз және аз қамтылған отбасылар мекен жайлары бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аумақ бойынша қазіргі таңда 59 қолайсыз отбасы ПБ есебінде тұр, ол отбасыларда 78 кəмелетке толмаған жасөспірімдер тəрбиеленеді.
Тексеріс мақсаты – кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері, еркіндіктері мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық, қадағалаусыздық және қараусыздық деңгейін төмендету, өмірдің қиын жағдайына тап болған кəмелетке толмағандардың қоғамдық қалпына келуіне əрекет ету болып табылады.
12 қыркүйекте Оңтүстік-шығыс ПБ бастығының орынбасары Сұлтан Смагулов кадр бөлімшесінің инспекторы және ювеналдық полиция тобының инспекторымен көмекті қажет ететін қолайсыз отбасыларды тексеріп, көмек ретінде азық-түлікпен қамтыды. Бұндай шаралар Оңтүстік-шығыс ПБ қызметкерлері тарапынан үнемі жүргізіліп отырылады.