Қарағандылық полицейлер банк терминалын ұрлап кеткен азаматты ұстады
Қарағандылық полицейлер банк терминалын ұрлап кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қаладағы банк бөлімшелерінің бірінің басшылығы арызданды. Белгілі болғандай, белгісіз біреулер қала көшелерінің бірінде орналасқан терминалды ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын 69 мың теңгені құрады. Оған ұрланған терминалдың құны кірген. Ол терминалда ақша болмаған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталды. Ол терминалдың ішіндегі ақшаны аламын деген оймен ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Алайда ішінде ақша болмаған. Сондай-ақ күдікті терминалдың өзін темірге өткізбекші болғаны анықталды. Айғақ зат тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.