Қарағандылық полицейлер бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Қарағандылық полицейлер бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 сәуірде Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне ауылдық аудандардың бірінің 55 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ол шаруалары бойынша облыс орталығына келіп, бірнеше күнге пәтер жалдаған. Ол кездейсоқ бір азаматпен танысып, тұратын жеріне қонаққа шақырып, екеуі ішімдік ішкен отырыстан кейін ұйқыға жатқан. Таңертең өтініш беруші жаңа танысының жоқ болып кеткенін, сондай-ақ онымен бірге екі ұялы телефон, 280 мың теңге ақша, жеке куәлігі және банк картасының жоғалып кеткенін анықтаған. Жалпы шығын сомасы 400 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
9 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің велосипед ұрлығына қатысы барын анықталды. Мәселен, 31 мамырда қол жетімділікті пайдаланып, қаскүнем Бұқар жырау даңғылындағы көппәтерлі үйдің кіреберісіндегі велосипедті қолына алды. Шығын сомасы 130 мың теңгені құрайды.
5 маусымда күдікті дәл осындай тәсілмен құны 120 мың теңге болатын Нүркен Әбдіров даңғылындағы үйдің кіреберісінде түнге қалдырылған велосипедті ұрлаған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.