Қарағандылық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады
Қарағандылық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласының Ә. Бөкейханов атындағы ауданының супермаркеттерінің бірінде көктем бойы азық-түлік ұрлығы орын алды. Іс жүзінде әрбір қайта есепке 12 мың теңге жетіспеушілік шықты. Жалпы шығын мөлшері 70 мың теңгеден асты.
Мамыр мерекелерінде Октябрь ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы жұмыссыз тұрғынды дүкеннен азық-түлік ұрлады деген күдікпен анықтап, ұстады. Дүкен сөресінен қалтаға сыйған нәрсені алған және оны күдік туғызбай алып шығуға тырысқан. Кейін қайта сатып, ақшасын ойын-сауыққа жұмсаған.
7 мамырда автотұрақтың 46 жастағы күзетшісінің ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан 10 мың теңге із-түссіз жоғалып кетті. Кассаны келгендердің назарын аудармас үшін қалтасына салған. Ер адам Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 66 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам бөлменің ашық есігін және күзетшінің көшеде болғанын пайдаланды. Үстел мен күртеше қалталарын тез тексеріп, ақшаны алып кеткен. Дүкен мен автотұрақта жасалған ұрлық бақылау камераларына түсіп қалған.
14 мамыр күні Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына 34 жастағы ауыл тұрғыны жүгінді. Әйелдің үйінің ауласынан көлемі 200 литр болатын металл бөшкесі жоғалып кетті. Шығын сегіз мың теңгеге бағаланды. Учаскелік полиция инспекторларымен жедел түрде күдікті анықталды.
Көрші ауылдың 45 жастағы тұрғыны, әйелдің танысы ыдысты металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған. Алынған ақша күдіктінің бөшкені жеткізу үшін қолданған жұмыстарының құнына да татымаған. Полиция қызметкерлері заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Ұрлықтың барлық фактілері бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер кінәсін толық мойындады.