Қарағандылық полицейлер гаражға ұрлыққа түскен жігітті ұстады
Қарағандылық полицейлер гаражға ұрлыққа түскен жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 желтоқсанда Абай аудандық полиция бөлімінің Топар полиция бөліміне ауылдардың бірінің 32 жастағы тұрғыны арызданған. Түнде белгісіз біреу құлыпты бұзып, жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан гаражға кіріп, төрт дана дөңгелек пен титан дискілерін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті 19 жастағы Шахтинск қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.