Қарағандылық полицейлер халықты ақшаға алдап жүрген шымкенттікті ұстады
Қарағандылық полицейлер халықты ақшаға алдап жүрген шымкенттікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 сәуір күні Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел белгісіз біреудің ақпараттық жүйені пайдаланып, шағын несие ұйымдары арқылы оның атына 60 мың теңге және 25 мың теңгеге екі несие рәсімдеп алғанын жеткізді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 16 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің Қарағанды облысында және Қазақстанның басқа аймақтарында да осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатысы барын анықтады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы млн. теңгеге жуықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.