Қарағандылық полицейлер көлік ұрыларын қолға түсірді
Қарағандылық полицейлер көлік ұрыларын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 сәуірде Қарағанды облысы Приозерск қаласының полиция бөліміне түнгі сағат 02.30 шамасында қала аудандарының бірінде көлік айдап алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция отряды келді. Арызданушы 55 жастағы ер адам өзінің Seat Toledo автокөлігін түнде көпқабатты үйдің ауласына қойғанын айтты. Түнде мотордың таныс гүрілдеген дауысы оны оятып жіберді, ол терезеге қарай жүгірді және әдеттегі орнында көлігін көрмеді.
«Ұстау» жоспары жарияланды. Жедел-іздестіру шарасында патрульдік полиция қызметкерлері көшелердің бірінде 25 жастағы азаматтың айдап кеткен көлігін ұстап, «ізін суытпай» қылмысты ашты. Ол тек біреудің көлігімен тек бір айналып жүріп келуге ниеті болғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.
Сонымен қатар, 26 сәуірде Шахтинск полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны жүгінген.
Анықталғандай, сағат 02.00 шамасында белгісіз біреулер жеке үйдің жанында тұрған көлікті ұрлап кеткен. Көп ұзамай полиция бұл көлікті көшелердің бірінде апатты жағдайда тапты – шабуылдаушы тізгінге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Келтірілген шығын көлемі 1,5 млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.