Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер оқушылар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды

Қарағандылық полицейлер оқушылар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде 6-сынып оқушылары арасында спорттық жарыстар өтті.

Жарысты Қарағанды облысы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл және ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Жарысқа үш топқа бөлінген 18 оқушы қатысты. Жасөспірімдер доппен жаттығуларда, арқан тартуда және басқа да спорттық жаттығуларда ептілік, жылдамдық, эстафеталарда командалық рухты көрсете білді. Іс-шара соңында жарысқа қатысушылар медальдармен, естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

– Мұндай іс-шаралар оқушылар арасында салауатты өмір салтын, патриотизмді насихаттау, құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс аясында тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл жерде негізгі – бағыт өскелең ұрпақтың бойында өмірлік дұрыс бағытты, өмірге деген құндылықты қалыптастыру бойынша білім беру мекемелерімен бірлескен жұмыс болып табылады, – деп атап өтті облыстық ПД ЕБҚІҚБ аға жедел уәкілі Нұрым Сәдуақасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру