Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер Шахтер аймағында ұрлық жасаған гастролерді ұстады

Елордада қарағандылық полицейлер Шахтер аймағында ұрлық жасаған гастролерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 66 жастағы кәсіпкер әйелден арыз түсті. Әйел зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатынын және сауда үйлерінің бірінде өз бөлімі бар екенін хабарлады. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі уақыт аралығында белгісіз адам сөреден екі алтын білезік пен ноутбукты ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 2 млн теңгеден асты.

Полицейлер сауда орындарында орнатылған бейнекамералардың жазбаларын зерттеді. Олар белгілі бір адамды зергерлік бөлімге кіріп, содан кейін тез шыққаның байқады. Сонымен бірге, күдіктінің сапалы портретін алуға мүмкіндік туды. Полицейлер қаскүнемді – белгілі бір тұрғылықты жері мен жұмысы жоқ адам болып табылатын, Нұр-Сұлтан қаласында жасаған мүліктік қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы ер адамды тез арада анықтады. Алынған ақпарат Қарағандыда гастролердің пайда болғанын айғақтайды.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

7 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Михайлов ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда күдіктіні ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қаскүнемнен заттай дәлел – ноутбук тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу барысында гастролердің есебінде тағы бір осындай қылмыс бар екені анықталды.

11 мамырда Қарағандының басқа сауда үйінде ол жалпы құны 113 мың теңге болатын ұйымдастыру техникасын сатумен айналысатын бөлімнен үш гарнитурды ұрлап кеткен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру