Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер телефон ұрлығын ашты

Қарағандылық полицейлер телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу бағасы 100 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бірінші қабатта орналасқан пәтердің терезесі ашық қалғанын көрген ұры терезе арқылы пәтерге кіріп, ұялы телефонды алып кетіп қалған. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде криминалды полиция қызметкерлері күдікті – 45 жастағы ер адамды ұстады. Айғақты заттар алынды. Күдіктінің бүған дейін де мүліктік қылмыс істегені үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды. Ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру