Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер түнгі көңіл көтеру орындарында рейдтік іс-шара өткізді

Қарағандылық полицейлер құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында түнгі көңіл көтеру орындарына рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының полицейлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді. Осыған орай, облыс орталығында патрульдік полиция полкінің авто және жаяу жасақтары күшейтілді. Полицейлердің алдына қойылған басты міндет, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қадағалау.

– Облыс аумағында 200-ге жуық мейрамхана бар. Оның 20-дан астамы түнгі көңіл көтеретін орындар. Қазіргі уақытта бұлардың барлығында ұжымдық мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осыған орай, құқық бұзушулықтың алдын алу үшін осы мекемелерде профилактикалық іс-шаралар өткізуді жөн санадық. Мекеме әкімшілігі және күзет қызметкерлерімен кездесіп, оларға өздеріне тиесілі көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін шаралар қабылдау керектігін түсіндіріп, оқыс оқиға болған жағдайда бірден ішкі істер органына хабарласу керек екенін ескерттік. Барлық облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтап, бір-біріне ілтипатпен қарап, құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамын, – деді Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру