Қарағандылық полицейлер ұрланған көлікті иесіне қайтарды
Қарағандылық полицейлер ұрланған көлікті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қаңтар күні Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөліміне 26 жастағы Саран қаласының тұрғыны хабарласып, бір күн бұрын танысының үйіне қонаққа келіп қонғанын, таңертең сыртқа шықса, аулада тұрған автокөлігін белгісіз біреулер мініп кеткені туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,4 млн теңгені құраған.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы азамат ұрланған көлікті басқару кезінде ұсталды. Күдікті ұрланған автокөлікті теуіп келу үшін мініп кеткендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Автокөлік иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.