Қарағандылық полицейлер зергерлік бұйымдар ұрлаған азаматты ұстады
Қарағанды полицейлері қоймадан зергерлік бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қарашада Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне қызмет көрсету аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің қоймасынан 300 мың теңгеге зергерлік бұйымдар ұрланғаны жөнінде хабарлама түсті.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кінәсін мойындаған 27 жастағы күдіктіні құрықтады.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қозғалды. Тергеу жүргізілуде.