Қарағандылық полицейлер жеке үйге ұрлыққа түскен азаматты ұстады
Қарағандылық полицейлер жеке үйден ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 42 жаcтағы азаматша хабарласып, белгісіз біреудің оның үйіне кіріп, заттарын ұрлағаны туралы арызданған.
Келтірілген шығын көлемі 55 мың теңгені құраған.
Оқиға орнын тексерген жедел-тергеу тобы үйге ұрының қонақ бөлменің терезесін сындырып кіргенін анықтады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азаматты ұстап, ол қылмысын мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.