Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер жылыжайда қарасора өсірген азаматты ұстады

Қарағандылық полицейлер жылыжайда қарасора өсірген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының басында облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне белгісіз азамат Қарағанды қаласындағы өзіне тиесілі жер телімінде қарасора өсіретіндігі туралы ақпарат түсті.

Аталған ақпаратты тексеру бойынша жүргізілген «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы азаматты анықтап, ұстады.

Ұсталған азаматтың үйінің маңындағы жылыжайға жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында тәртіп сақшылары кептірілген қарасора және оны өсіріп өңдеуге арналған құралдарды тәркіледі.
Тәркіленген заттарға жасалған сараптама қорытындысына сәйкес, оның 4 келі қарасора екені және оның есірткі құрамына жататыны белгілі болды. Ал кептірілген жапырақтар марихуана екені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру