Қарағандылық қаскүнемдер бейтаныс адамды себепсіз соққыға жыққан
Қарағандылық полицейлер бұзақылық ниетпен біреуге дене жарақатын салған екі жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне сағат 03.30 шамасында қала орталығында белгісіз біреулердің бұзақылық ниетпен қасынан өтіп бара жатқан адамды соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын Қарағанды қаласы ПБ-ның бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады.
Сондай-ақ камералар арқылы Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы 18 және 19 жастағы екі күдіктіні ұстады.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.