Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тәртіп сақшылары бірнеше велосипед ұрлаған күдіктіні құрықтады

Қарағандылық тәртіп сақшылары бірнеше велосипед ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр мен маусым айы аралығында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қала тұрғындарынан велосипед ұрлығына қатысты 9 арыз түсті. Ұрлықтың барлығы көпқабатты үйлерде велосипед иелері өздерінің заттарын үйдің дәлізінде қалдыру кезінде болған. Осы сәтті ұтымды пайдаланған қаскөйлер құны 30-40 мың және 115-200 мың теңге тұратын қымбат велосипедтерді ұрлап отырған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 650 мың теңгені құрады. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті ұрланған заттардың жартысын сатқанын, жартысын кепіл зат ретінде қалдырып отырғанын мойындады. Айғақ зат ретінде тәртіп сақшылары велосипедтің біреуін кепіл зат ретінде өткізген жерінен тәркіледі. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру