Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғын пәтерді жалға аламын деп алданып қалды

Қарағандылық тұрғын пәтерді жалға аламын деп алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша Астана қаласынан пәтер жалдамақшы болған. Осылайша әлеуметтік желілердің бірінен арзан бағаға пәтер тауып алған. Осыдан кейін жәбірленуші пәтер жалға берушіге 25 мың теңге ақша аударған. Келісілген уақытта жалдамалы пәтерге барған жәбірленуші ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқанын көрген.

Олар бұл пәтерді белгісіз біреу жалға бергенін де білмеген. Алданып қалғанын білген жәбірленуші полицияға арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталып, ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру