Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғынды алдап, ақшасын алған күдікті ұсталды

Қарағандылық тұрғынды алдап, ақшасын алған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша шағым түсірді. Оның айтуынша, адам көп жиналатын базарлардың бірінде белгісіз азаматпен тілдесіп қалған. Әңгіме барысында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, қолма-қол 60 мың теңге алған. Ол бұл соманы банк картасына дереу қайта аударатынын айтып, уәде берген.

Алайда, жәбірленуші сәл алаңдаған сәтті пайдаланып, күдікті ақшаны аударғандай кейіп танытқан. Сол уақытта ер адамның телефонына банк атынан алаяқтық әрекет туралы хабарлама келіп түскен. Алайда ол бұл хабарламаны аударым расталғаны деп түсініп, күмәнданбаған. Тек кейінірек ғана өз әрекетінің салдарын ұғып, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол — Қарағанды қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу кезінде өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полицейлер оның қала аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Полиция тұрғындарды қырағылық танытуға және күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру