Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғынның мопедін заңсыз иемденген күдіктілер елордада ұсталды

Полицейлер елордада 17 жастағы жасөспірімнің мүлкін алдап иемденген екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында анықталғандай, Қарағанды қаласының тұрғыны – 17 жастағы жасөспірім ата-анасының келісімімен мопедін онлайн сауда алаңында сатпақ болған. Жарнама жарияланғаннан кейін оған екі азамат хабарласып, өздерін сатып алушы ретінде таныстырған. Сенімге кіріп, ыңғайлы сәтті пайдаланған олар мопедті алдап алып, "ізін суытқан". Келтірілген материалдық шығын шамамен 220 мың теңгені құрайды.

Қылмысты ашу мақсатында Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктілер елорда аумағында ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Мопед тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру