Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық ұры пәтер иесінің аңғалдығын ұтымды пайдаланған

Қарағанды қаласында күдікті пәтер иесінің аңғалдығын пайдаланып, пәтерінен құны 400 мың теңгеден астам электронды техникасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны ұрлық фактісі бойынша шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол сыртқы есікті жабуды ұмытып кеткен. Осы сәтті ұтымды пайдаланған қаскөй оның үйіне еркін кіріп, екі ұялы телефон, смарт-сағат пен ноутбугін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 415 мың теңгені құрайды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру