Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жігіт көшеде қыздың телефонын тартып алған 

Қарағандылық жігіт көшеде қыздың телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілде күні сағат 4.00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне Бұқар Жырау даңғылындағы көпқабатты үйде тонау орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы мен криминалдық полиция қызметкерлері келді.

22 жастағы жәбірленуші қыздың айтуынша, ол жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Алыс ауданға жету үшін, ұялы телефоны арқылы такси шақырта бастайды. Сол кезде бейтаныс біреу жақындап келіп, кенеттен қыздың қолынан ұялы байланыс телефонын тартып алып, үй арасына қашып кеткен. Шығын сомасы 400 мың теңгені құрады. Жәбірленуші 18-20 жас аралығындағы қаскөйдің сыртқы белгілерін сипаттап берді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер «ізін суытпай» 21 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон алынып, жәбірленушіге қайтарылды.

Осыған ұқсас қылмыс Сәтпаевта да орын алған. Сағат 09.00 шамасында 69 жастағы қала тұрғыны алаңдардың бірінде ұялы телефонмен сөйлесіп отырғанда, оған белгісіз біреу жақындап келген. Қаскөй зейнеткердің қолынан құны 60 мың тұратын ұялы телефонды алып, «ізін суытқан».

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру