Қарағандылыққа дене жарақатын салып, телефонын тартып алған екі жігіт ұсталды
Қарағандылыққа дене жарақатын салып, телефонын тартып алған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне Бұқар жырау даңғылының бойындағы үйдің маңында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жәбірленуші 25 жастағы жігіт екі бейтаныс адамның жанжал шығарғанын айтқан. Қақтығыс кезінде әлгілер жәбірленушінің денесіне зақым келтіріп, ұялы телефонын тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 наурызда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері 20 және 26 жастағы күдікті екі жігіт анықтап, ұстады. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.