Қарағандылықтар белсенді түрде қару тапсырып жатыр
Қарағанды облысының аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 шілде «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізу барысында Қарағанды қаласының ПБ фрон-офисіне Саят Юсупов, 1985 жылы туған тұрғылықты мекен жайы Карағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданы, Уштобе кенті, Мира көшесі, 8а-29, Заңсыз сақталған қаруды тапсыру және әкімшілік айыппұлды төлеу мәселесі бойынша сұрақтармен жүгінді. Онда полиция қызметкерлерінен Қарағанды облысының аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция өтіп жатқаны белгілі болды.
Одан кейін, С.Т.Юсуповтен Қарағанды ПБ, Михайлов ПБ қызметкерлері зансыз сақталған «ТОЗ-8», калибірі 5,6 мм, маркалы ойық ұнғылы қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініш қабылдады. Сонымен қатар, тұрғын С.Т.Юсупов бұл қару 2000 жылы қайтыс болған әкесінен қалғаны, қару үйде оны еске алу ретінде сақталғанын түсіндірді.
Сонымен қатар, еске саламыз ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция жүріп жатыр.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.
Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармай-ақ, полиция департаменттерінің сайтында көрсетілген «қауырт желі» телефондарына немесе «102» номеріне хабарласса, жеткілікті.
Өтініштерді және халықта заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын қабылдауды орындарға шыға отыра, ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген «қауырт желі» телефон нөмірлеріне хабарлау қажет:
Облыстық ПД: 40-71-22, 40-70-18
Орталық ПБ – 56-42-51
Оңтүстік-шығыс ПБ – 34-80-27
Михайлов ПБ-44-51-69
Октябрь ПБ – 46-30-31
Жана-Майкұдық ПБ – 37-05-36
Киров ПБ – 53-03-05
Темиртау ПБ-98-43-15
Жезқазғана ПБ-76-09-01
Шахтинск ПБ-5-02-82
Саран ПБ-7-49-15
Сәтпаев ПБ- 33-7-73
Балхаш ПБ-60-1-61
Қаражал ПБ – 26-5-35
Абай ауданының ПБ-44-6-66
Бухар-Жырау ауданының ПБ-21-5-89,21-3-63
ОП Осакаров ауданының ПБ -41-3-82
ОП Қарқаралы ауданының ПБ -32-7-74,31-7-34
Нұра ауданының ПБ- 21-9-15
Актогай ауданының ПБ -2-16-90
Улытау ауданының ПБ -21-3-07
Жанаарқа ауданының ПБ -26-4-70
Шет ауданының ПБ- 21-3-40