Қарағандылықтың үйіне келген адам екі телефонын ұрлап кеткен
Қарағандылықтың үйіне келген бейтаныс екі ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны арызданып, белгісіз біреу құны 410 мыңға бағаланған екі ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған.
Белгілі болғандай, жәбірленуші көшеде белгісіз біреумен танысып, оны үйіне қонақ қылған. Ішімдік ішіліп, үй иесі ұйықтап қалған. Оянған кезде жаңадан танысқан азамат оның екі ұялы телефонын ұрлап кеткенін білген.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген 37 жастағы азамат анықталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Осыған ұқсас жағдай Шахтинск қаласында да тіркелді. 50 жастағы қала тұрғыны өз үйінің ауласында белгісіз азаматпен танысып, үйінде танысқандарын атап өткен. Кейін, белгісіз азаматтың үйінен кеткенде жәбірленушінің жинақтап жүрген 600 мың теңгесін қолды болғаны анықталған.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдіктінің түрін сыйпаттап, оның жасы шамамен 25-30 аралығында екенін айтты.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызмектерлерімен 26 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.