Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарақшылық пен тонау саны айтарлықтай азайды

Алматы облысында қарақшылық пен тонау саны айтарлықтай азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдегі криминогендік жағдай биыл айтарлықтай жақсарды. Қарақшылық шабуылдардың саны 2,6 есе азайды. Қылмыстың осындай қауіпті түрінің жалпы ашылуы 1,3% – ға, ал «ізін суытпай» ашу 12% – ға жақсарды.

– Полицияның тиімді жұмысының оң мысалы ретінде биылғы жылдың 27 қазанында Қарасай ауданының 49 жастағы тұрғынына «Алматы-Өскемен» тас жолында жасалған қарақшылық шабуыл дерегін келтірсек болады, онда бетперде киген бес адам күш қолдана отырып, жәбірленушінің жеке мүлкін тартып алған. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер дереу анықталып, ұсталды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Тонаулар бойынша да осындай оң динамика қалыптасуда, олардың саны 2,1 есе азайған. Мысалы, дәмханалар мен мейрамханаларда тонау үш есеге, саябақтарда тонау төрт есеге, көшелерде тонау екі есеге азайды.

Дүкендердегі тонау саны 22-ден 9-ға дейін, үйлер мен пәтерлердегі 56-дан 20-ға дейін азайды. Сонымен қатар қылмыстың осы түрінің ашылуы 3,3% – ға жақсарып, биыл 76,6% – ды құрады, ал 2019 жылғы 71,3%-ды көрсеткен.

– Қылмыстың осы түрінің алдын алуды жақсарту мақсатында 2020 жылдың 16-17 қыркүйегі аралығында облыс аумағында «Серпіліс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның барысында полиция қызметкерлері бұрын жасалған 13 тонауды және «ізін суытпай» екі тонау дерегін ашты, – деп толықтырды Асхат Даниярұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру