Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарасай ауданының пробация қызметкерлері сенбілік өткізді

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Қарасай аудандық пробация бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері «Менің таза қалам» атты сенбілік өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тазалық жұмыстары Қаскелең өзенінің жағалауында жүргізілді. Жастар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, аумақты көркейтуге өз үлестерін қосты.

– Бұл шараның мақсаты – жастарды тазалыққа үйрету, Отанымыздың гүлденуіне және көркеюіне үлестерін қосуға талпыныстарын арттыру, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу. Еліміздің көрікті жерлерін қоқыстан тазартуға бағытталған бұл шара жыл соңына дейін созылады, – деп атап өтті ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Рашид Ержігітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру