Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қарасора-2025": Атырауда есірткі таратқан күдікті ұсталды

Атырауда есірткі таратқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала көшелерінің бірінде арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде есірткі затын таратумен айналысқан 33 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны қолға түсті.

Күдіктінің Chevrolet Cobalt автокөлігін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 19 орама, сондай-ақ оның көрсетуімен жасырылған тағы 5 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың жалпы салмағы 18,7 граммды құрайтын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісі екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы негізінде қамауға алынды.

Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы және ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне орай, адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана дәлелденеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру