Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қарасора — 2025”: Павлодар облысында заңсыз айналымнан 73 келі есірткі тәркіленді

Павлодар облысында заңсыз айналымнан 73 келі есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция департаментінде 1 маусымнан 31 қазанға дейін өткізілетін "Қарасора - 2025" республикалық ЖПШ өткізу барысы туралы хабарланды.

- Аталған кезеңде полицейлер есірткінің заңсыз айналымы желісі бойынша жедел жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. Нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымы саласында 24 құқық бұзушылық тіркелді, 13 факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Заңсыз айналымнан 73 келіден астам есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткі – 2 келі тәркіленді, — дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Спикер есірткінің бұл түрлерін таратумен, әдетте, "жеңіл ақша" тапқысы келетін және жасалған іс-әрекет үшін жауапкершілікті түсінбейтін жастар қатарындағы адамдар айналысатынын атап өтті.

Операцияны жүргізу кезеңінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жабайы қарасораның өсу фактілерінің жолын кесу бойынша бірқатар алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды және жүргізді, соның нәтижесінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді жоюға уақытылы шаралар қолданбағаны үшін төрт азамат жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру