"Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр
Алматы қаласында "Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Басты назар – алдын алуға және ескертуге бағытталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында "Қарасора - 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Бұл іс-шара қазан айының соңына дейін жалғасады. Мақсаты – құрамында есірткісі бар өсімдіктердің заңсыз егістіктерін анықтау және жою, сондай-ақ олар өсетін, сақталатын және өңделетін жерлерге қол жеткізуді тоқтату.
Іс-шараларға полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы билік және қоғам өкілдері жұмылдырылған.
Әсіресе, жастар мен бақша учаскелерінің иелері арасында алдын алу және құқықтық түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.
Жалпы, гарнизондық нұсқау барысында патрульдік полиция қызметкерлері іс-шараның негізгі міндеттеріне бағытталды: күдік тудыратын адамдарды анықтау, бау-бақша және саяжай алаптарын тексеру, кооператив төрағаларымен өзара әрекеттесу, өздігінен өсетін қарасора ошақтарын бақылау, сондай-ақ халықтан келіп түсетін дабылдарға жедел әрекет ету.
Іс-шара алдын ала келісілген алгоритм бойынша, ведомствоаралық нақты өзара іс-қимылмен және жедел жағдай ескеріліп жүргізілуде. Ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясында және 26 маусым – Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған бір айлық шеңберінде, полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау алгоритмдері бойынша жадынамалар таратып жатыр.