Қаратауда жергілікті дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Қаратауда азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен азамат садақа жәшіктерін де қоса алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 27 наурызында Қаратау аудандық Полиция басқармасының “102” операторына 52 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында дүкеніне белгісіз біреудің терезесін бұзып кіріп, ішінен әрқайсысы 590 теңге тұратын 100 дана темекі қорабын, 3 дана садақа жәшігін, әрқайсысының құны 230 теңге тұратын 12 дана сусынды және кассада болған 15 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмысты жасауға қатысы бар Тассай елдімекенінің тұрғынын ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.