Қараусыз мал – жолдағы қауіп: Павлодар облысында рейд жүргізілді
Полиция республикалық маңызы бар тасжолдарда иесіз малдың жүруіне жол бермеу мақсатында рейд жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полиция қызметкерлері күн сайын жол бойында және республикалық маңызы бар тас жолдарда малдың жүруіне жол бермеу мақсатында рейдтер жүргізуде.
Мәселен, Павлодар – Қызылорда бағытындағы автожолда иесіз жүрген ірі қара мал анықталды. Ал Павлодар – Атамекен тасжолында 35 бас жылқының бақылаусыз жайылып жүргені белгілі болды. Полицейлер мал иелерін анықтап, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мал иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының артуына себеп болып отыр. Көп жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының ұрлануы олардың қараусыз жайылып жүруінен туындайды, – деп атап өтті ведомство өкілдері.