Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараусыз жайылып жүрген мал иелері жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иелері жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қыс мезгілінде малдың бақылаусыз жайылу мәселесі өзекті болып қала беруде. Мәселен, 2021 жылғы 17 қаңтарда Ақсу қаласының полиция бөлімінің полицейлері «Павлодар-Қызылорда» автожолының бойындағы Береке ауылының маңында қараусыз жайылып жүрген 21 бас жылқыны анықтады. Жылқылар малға арналған арнайы коммуналдық тұраққа қамалды. Жылқылардың иесі анықталды, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды, екі АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жыл басынан бері Павлодар полицейлері қараусыз жайылып жүрген 200-ге жуық малды коммуналдық тұраққа қамады. Бүгінгі күні Павлодар өңірінің аумағында 145 коммуналдық тұрақ жұмыс істейді.

– Мал иелері өз мүлкіне немқұрайлы қарау ұрлыққа әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек. Ұрылар далада қараусыз қалған малды оңай айдап әкетуі мүмкін. Бұдан басқа, қараусыз малдың жол-көлік оқиғаларының себепкері болу ықтималдығы жоғары, – деді ол.

Полиция қызметкерлері мал иелеріне малды қараусыз қалдырмауды, әсіресе автомобиль жолдарына жақын аумақтарда оларды малшылардың бағуын ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлуді сұрайды.

Қараусыз жайылып жүрген мал орны толмас салдарларға әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының себепшісіне айналуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру