Қарт анасымен жанжалдасқан павлодарлық жауапкершілікке тартылды
Қарт анасымен жанжалдасқан павлодарлық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Павлодарда алкогольді асыра пайдаланған 49 жастағы жұмыссыз ер адам қарт анасымен жанжалдасқан.
– Қарт адам полицияға қоңырау шалып, келулерін сұраған. Полиция қызметкерлері аталған пәтерге келіп, осындай жағдай орын алғанын анықтады. Ол отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, павлодарлық өзі үшін қажетті тиісті тұжырымдар жасамаған және ішімдік ішуді, жанжал шығаруды жалғастырған.
Зейнеткер тәртіп сақшыларынан ұлын әрекеттері үшін жазалауды сұрады.
ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімі бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған сәйкес сот 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады.
Сонымен қатар, ер адамның мінез-құлқына ерекше талаптар қойылады, оған үш ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады.